Мәжіліс пен Парламентаралық одақ ынтымақтастықты нығайту жайлы келісті
Парламентшілер ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылап, бірлескен іс-шаралар өткізу жөнінде келісімге келді. Тараптар ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылай келе, Парламент Мәжілісі мен Парламентаралық одақ арасындағы байланысты нығайтуға келісті. Әсіресе, экологиялық мәселелердің өзектілігіне ерекше мән берді. Айта кетейік, Парламентаралық одақ – құрамына 179 мемлекет кіретін ең көне халықаралық парламенттік ұйым.