Хабар телеарнасы

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылы Қазақстанда өтеді

Мәжіліс төрағасының сөзінше, Түркияның Изник қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің делегациясы қатысқан. Ал келесі ойындарды елімізде өткізу туралы шешімді Түркі қоғамдастығы бірауыздан қолдапты. Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы Президентке заң шығару қызметі туралы да ақпарат берді. Қазір «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл», «Конституциялық сот», «Прокуратура туралы» заң жобалары мен 5 маусымдағы референдумда халық дауыс берген конституциялық реформалар қарастырылып, Сенатқа жолданды.