Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Екі ел үкіметтері арасындағы табысты өзара іс-әрекет, соның ішінде тауар айналымының оң қарқыны туралы айтылды. Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, бауырлас Тәжікстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.