AMANAT партиясы президенттікке үміткер ретінде Қ. Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды
Партияның төрағасы Ерлан Қошанов еліміздің қиын қыстау кезінде елмен бірге болғанын негіз етті: «Сол жауапты сәттерде Президент жауапкершілікті өз мойнына алып, батыл шешімдер қабылдады. Саяси реформа жасалды. Осы оң өзгерістер заңды жалғасын табуы тиіс», — деді. Бұл ұсыныс дауысқа салынып делегаттар Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Съезд жұмысына 1200 адам қатысты.
Ерлан Қошанов, AMANAT партиясының төрағасы:
- Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді тұлға керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынамын.