Мемлекет басшысы Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесті
Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті АӨСШК жұмысына белсенді қатысқаны үшін Вьетнам тарапына алғыс айтып, екі ел арасындағы табысты ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Тхи Ань Суан өзара сауда-экономикалық іс-әрекеттің табысты дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстан мен Вьетнам халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығая түскенін, екі ел арасындағы әуе қатынасын ашу туралы айтты. Сондай-ақ сауда, туризм, аграрлық, көлік-логистикалық және қаржы салаларындағы байланыстарды күшейту үшін мол әлеует бар екеніне назар аударылды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президенті Нгуен Суан Фукке сәлем жолдады.
Өз кезегінде Во Тхи Ань Суан өз мемлекетінің басшылығы атынан Қазақстан Президентіне Вьетнамға сапармен келуге шақыруын тапсырды.
Дереккөз: akorda.kz