Елордада «Орталық Азия – Ресей» саммиті өтті
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Ресей. Бұл мемлекеттердің арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары 2 есе ұлғайған. Әлеует бұдан да жоғары. Оған қол жеткізу үшін жасанды кедергілерді жою керек. Қазақ басшысы өңірдегі жекелеген елдер арасындағы шегара мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Аталмыш мәселе өзара сенім мен тату көршілік негізінде, сондай-ақ БҰҰ-ның қағидаттарын сақтау арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс деді. Мемлекет басшысы ақпараттық кеңістіктегі ойынға да алаңдаушылық білдірді. Әсіресе әлеуметтік желілерде орынсыз айтылатын сөздерге тоқтау салған жөн. Себебі оның кейбірі этносаралық араздық, халықтар арасына жік түсіру мүмкін.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Өкінішке қарай, кейбір елдерде серіктес мемлекеттер басшыларына қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр. Бұл әрине біздің ынтымақтастығымызға нұқсан келтіреді.