Қ. Сарыбай: Азия елдерінің экологиялық кеңесі құрылуы мүмкін
Былтыр құжат жаңа сатыға көтеріліп, кеңестің жаңа бағыттары ашылған еді.
Қайрат Сарыбай, АӨСШК Бас Хатшысы:
-Саммит кезінде өздеріңіз куә болдыңыздар. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы бағытта бірсыпыра жаңа бастама көтерді. Өзара тұрақты байланыс кеңесін құрайық деді. Содан кейін 2024 жылы экологиялық конференция өткізуді ұсынды. Сол конференция қажет деп тапса, Азияның экологиялық кеңесі құрылады деген сөз. Мұның бәрі жаңа құрылымдардың пайда болуына ықпал етіп, ақыр аяғында кеңес жаңа деңгейге шығады деген сөз.