Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізу мерзімі 15 күннен бір аптаға қысқаруы мүмкін
Ұсыныстар сан алуан. Мысалы, мамандар жеңіл өнеркәсіп бағытындағы сатып алуға кем дегенде үш брендтің маркасын көрсетуді сұрайды. Бұл сапалы тауарды таңдауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда конкурс автоматты түрде өтеді. Алдағы уақытта бұл процесс әлі де жетілдіріледі.
Мұрат Әділханов, ҚР ҚМ департамент директоры:
- Сан алуан ұсыныстар болып жатыр. Мәселелердің барлығын қарастырып, алдағы заң жобасын дайындағанда ескеру үшін осы шараларды өткізіп жатырмыз. Жоспар бойынша келесі жылы қыркүйекте Парламентке кіргіземіз. Жыл аяғына дейін қабылдануы тиіс.