Қаңтар оқиғасы: 1,5 мыңға жуық адам рақымшылыққа ілігеді
Бұған дейін бұл құжат Мәжілісте бірнеше рет қаралған. Заңға сәйкес қылмыстық теріс қылықтар ауырлығы орташа қылмыстар үшін жазадан босату ескерілген. Қазір 1060 адам сотталса, олардың тек 106 бас ботандығынан айырылды. Қаңтар айында зардап шеккендерге келтірілген залал өтеліп жатыр. Әлеуметтік, қаржылық және өзге де көмек көрсетілмек. Айта кетейік, ауыр қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.
Гүлнәр Бижанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға мерзімдерді қысқарту көзделген. Ауыр қылмыстар үшін сот тағайындаған мерзімнің төрттен үш бөлігі, ал аса ауыр қылмыстарға мерзімнің жартысы қысқарады.