Әуесбаев Ақтөбе қаласының тұрғындарымен кездесті
Оппозициялық партия өкілі жергілікті халықты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, пікір алмасты. Олардың қордаланған шағымдарын тыңдады. Көпшілік көкейдегі сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Одан кейін Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарын «Батыс 2» шағын ауданында жалғастырды. Ондағы халықтың да алаңдатқан сұрақтарына жауап берді. Айта кетейік, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша 50-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған.
Нұрлан Әуесбаев, ҚР Президенттігіне кандидат:
-Ақтөбе облысында және Ақтөбе қаласында көптеген тұрғындармен кездестік. Жалпы, бірнеше кездесулер болды. Оның ішінде 200-300 адаммен жолықтық, олардың мәселелерінің барлығын тыңдадық. Осы көптеген мәселелерді өзімізге түртіп алдық. Біз бүгін қайтадан Астана қаласына барамыз, сонда біраз кездесулер болады.