Қарақат Әбден Ақтөбе облысының өңірлік штабында болды
Сайлауалды штаб кестеге сай жұмыс істеп тұр. Қажетті техникамен толық жабдықталған. Ақпараттық материалдар жеткілікті. Штабта 4 адам жұмыс істейді. Облыс бойынша 135 волонтер тартылған. Кандидат осы күні көшеге шығып, қалалықтармен жүздесті. Шағын сауда орындарында болып, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Қарақат Әбден – ҚР Президенттігіне кандидат:
- Халықаралық сайлау эксперттері де штабқа келіп, сұрақтарын қойып жатыр. Оның бәріне өңірлік штабтарымыз жұмыс істеуге дайын. Штабтардың жұмысы Сайлау туралы заңның талаптарына сай жұмыс істеп жатыр.