Қарақат Әбден Сыр өңірі жұртшылығымен кездесті
Кандидат Арал қаласында кәсіпкерлікпен айналысатан отбасылардың бірінде болды. Шаруа қожалығына ат басын бұрып, жетістіктерін көрді. Қожалық қазір түйе, жылқы, ірі қара бағып отыр. Сүт өнімдері балабақшаларға жөнелтіледі. Ет, нан өнімдері де шығарылады. Кәсіпкер 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Еске саламыз, Арал ауданында 80-нен аса шаруа қожалығы бар.
Зияғаладин Өтенов, шаруа қожалығының басшысы:
-Қазір енді көп жігіттер жоңышқа, дәнді дақыл егумен айналысып жатыр. Халық көкөніс өнімдерін өсіруде. Кім жұмыс істеймін дейді, оған жұмыс табылады. Жалқауларға еш уақытта жұмыс табылмайды. Еңбек істейтін адамға жұмыс бар.
Бұдан кейін кандидат Қызылорда қаласының тұрғындарымен кездесті. Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы саяси науқан туралы ой-пікірімен бөлісті. Тұрғындар сауалына жауап берді.