Қажыкеннің Ақтөбе облысындағы штаб жұмысы жалғасып жатыр
Қазіргі таңда қаламен қоса екі ауданда 18 билборд ілінген. Күн сайын халық көп жүретін жерлерде үгіт парақшалары таратылады. Бұл жұмыстар штабтағы 30 волонтерға жүктелген. Апта басында кандидаттың өзі осы өңірге іс сапармен барып, медицина және құрылыс саласының қызметкерлерімен кездескен еді. Ал қазір өңірдегі сайлаушылармен кездесуді кандидаттың 15 сенімді өкілі жалғастырып жатыр.
Лидия Оралбаева, Облыстық штаб басшысы:
- Әр уақытта келген адамдарға сұрақтарына жауап беріп, олардың сайлауға тегіс қатысуына біз барлық жерде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Халық, жұртшылық Мейрам Зекешұлының алыс аудандарға келгенін күтті. Бірақ мына ауа райының қолайсыздығына байланысты біз ондай рискке бара қойған жоқпыз. Бірақ сенімді өкілдер аудандарды бөліп алдық. Біз кездесуді жалғастырып алыс аудандарға барамыз.