Хабар телеарнасы

Салтанат Тұрсынбекованы қолдауға арналған флешмоб ұйымдастырылды

Шараны «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі өткізді. Салтанат Тұрсынбекова сайлауға осы ұйымның атынан қатысып отыр. Осы күнге дейін кандидат үгіт-насихат науқанымен еліміздің 7 өңірін аралап, тұрғындармен кездесу өткізген еді. Өзінің сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжейлі түсіндірген. Қазір кандидаттың 20 өңірде штабы толыққанды жұмыс істеп тұр.