Қарақат Әбден еңбек ұжымымен кездесті
Ол мегополистегі ірі өндіріс ошақтарының бірінде болды. Сайлауалды бағдарламасынның негізгі бағыттарымен таныстырып, сауалдарға жауап берді. Фабрикада 120 адам еңбек етеді. Киім-кешек, төсек-орын бұйымдарын шығарады. Бұдан кейін кандидат Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан келген байқаушылармен кездесті. Алдағы саяси науқан төңірегінде пікір алмасып, ой-пікірлерімен бөлісті. Әбден енді Түркістан облысына барады.