Әбден: Түркістан – мәдениеттің ордасы
Кандидат Қарақат Әбден тарихы терең аймақта осылай деді. Үміткер жұртшылықпен жүздесіп, туризм саласын дамыту жөнінде пікір алмасты. Сауалдарға жауап берді. Сайлауалды бағдарламасының негізді бағыттарымен бөлісті. «Түркістан – киелі мекен. Шамшырағы қайта жанған көне шаһар», – деді кандидат. Бұдан кейін өңірлік штабта болып, кеңес өткізді. Мамандарға нақты тапсырма жүктеді.
Еркінжан Пірмаханұлы, өңірлік штаб басшысы:
-Барынша максимальды жұмыс жасап жатырмыз. Бізге жүктелген міндеттер толығымен орындалды. Түркістан облысына қарасты 17 ауданда 117 волонтёр жұмыс істеді. Әлі де жұмыс жасап жатырмыз.