Сайлау 2022: елімізде 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді
Соңғы дерек бойынша, оның 919-ы Түркістан облысында. Бұл биыл сайлау учаскесі ең көп өңір. Ал Қостанай облысы екінші орында, мұнда 745 сайлау учаскесі орналасқан. Үшінші 717 учаскесі бар Ақмола облысы. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында да учаске көп ашылған. Елді мекендердің тығыз шоғырлануына байланысты мұнда 600-ден аса учаске жұмыс істейді. Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы сайлау учаскелерінің саны 300-ге жуық. Ал жаңадан құрылған Ұлытау облысында 136 учаске бар. Республикалық маңызы бар қалаларға келсек, Елордада 406, Алматыда 600, Шымкентте 311 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Елдегі сайлау учаскелері:
Жалпы – 10101
Түркістан облысы – 919
Қостанай облысы – 745
Ақмола облысы – 717
Қарағанды облысы – 642
СҚО – 640
Алматы облысы – 606
Алматы – 600
ШҚО – 537
Павлодар облысы – 528
Ақтөбе облысы – 517
БҚО – 505
Жамбыл облысы – 493
Абай облысы – 475
Жетісу облысы – 447
Астана – 406
Қызылорда облысы – 382
Шымкент – 311
Атырау облысы – 261
Маңғыстау облысы – 243
Ұлытау облысы – 136