Тәуелсіз байқаушылар орталығының өкілдері барлық сайлау учаскелерін бақылауда
Жергілікті байқаушылар сайлау алдында арнайы теориялық және практикалық дайындықтан өткен. Олардың мақсаты – сайлау учаскесіндегі заң талаптарының сақталуын қадағалау. Учаскелік комиссия мүшелері өз қызметін атқарып, сайлаушылар ешқандай кедергісіз өз таңдауларын жасау керек. Тәуелсіз байқаушылар қоғамдық орталығы жетекшісінің мәліметінше, дауыс беру орындарында әзірге заң бұзушылық байқалмаған.
Александр Братенков, қалалық тәуелсіз байқаушылар орталығының жетекшісі:
- Сайлау кезінде байқаушылардың рөлі маңызды. Өйткені, солардың пікірі, сайлау учаскесінің жұмысын бағалауы арқылы заңды талаптар орындалады. Сондықтан біз қаладағы барлық сайлау учаскелеріндегі байқаушыларымызды жіті дайындадық. Менің ойымша, дауыс беру учаскесіндегі тәуелсіз байқаушылар барлық заң талаптарының орындалуын қадағалап, құқық бұзушылыққа жол бермейді.