Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
Сондай-ақ Президентке елорданы газбен қамту ісінің барысы, ұзаққа созылған құрылыс жұмыстарының аяқталуы, әлеуметтік нысандардың құрылысы, тұрғын үй алаптарын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, инвестиция тарту бойынша ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкіміне жылу беру маусымының барысын бақылауда ұстауға, елорданы одан әрі өркендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді. Ал Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты Президентке аймақтың даму көрсеткіштері туралы айта келіп, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқыны туралы баяндады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.