Қаңтардан бастап ел азаматтары тікелей Конституциялық сотқа арыздана алады
Литвадан келген делегеттар 30 жылдық тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа заң жобасын бағалады. Осы уақытқа дейін халықтың шағымын сотта қарап, ары қарай конституциялық кеңеске жіберетінін, не жібермейтінін сот өзі шешіп келген. Бұл қарапайым қарашаға тиімсіз. Енді жаңа Қазақстанда, жаңа жүйе. Отандастарымыз үш сатылы сот жүйесінен арылып, Конституциялық соттан бір ғана жауап алады.
Шыңғыс Сейфулла, Астана қалалық адвокаттар алқасының мүшесі:
-Конституцияға қарама-қайшылығын анықтаса онда тікелей болмаса жалдаған заңгерлері арқылы Конституциялық сотқа жүгініп, заңсыз екенін анықтап, шешім шығартуға болады. Конституциялық сот 11 мүшеден құралатын болады. Соның ішінде мәжіліс депутаттары мен білікті заңгерлер бар.
Альгис Норкунас, Литва Конституциялық Сотының судьясы:
-Қазақстан дамыған мемлекет. Сот орындаушылар институтының негізі қаланып, Конституциялық сотта барлық жүйе толық қамтылған. Енді бірден іске кірісу керек. Сонда жүйелі функция қалыптасады.