Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мүмкіндігі арта түспек
Тағы бір жаңалық! Ауыл халқының құжат жасау үшін қалаға сабылуы тоқтайды. Мемлекеттік қызметтер елді мекендегі «Қазпошта» бөлімшелерінде көрсетіледі. Мұндай мүмкіндік еліміздің 2000-ға жуық ауылында ұйымдастырылады. Оларда 4 млн адам тұрады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді. Дегенмен ведомство назар аударуы қажет өзге мәселелер де бар. Мысалы, қоғам тарапынан интернет сапасына қатысты сұрақтар жиі көтеріледі.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
- Соңғы бір жылда ғаламторда 500-ге жуық ақау тіркелді. Оның қызметі 700 сағаттан астам уақыт тоқтап тұрған. Министрлік аталған келеңсіз фактілерді жан-жақты талдап, бір ай ішінде ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету механизмін әзірлеу қажет. Осыған тікелей жауапты тұлғаларға жеке жауапкершілік жүктелсін.