Судьялардың Әдеп кодексі өзгереді
Жаңа әдеп кодексінде судьялардың еңбек уақытын реттеу мәселесі қарастырылады. Адвокаттардың айтуынша, судьялардың қарапайым өмірінде шектеу көп, қоғамдық жиындарға да бара бермейді. Осы ретте ҚР судьялар одағы сот қызметкерлеріне арналған Әдеп кодексін талқылады. Заң қызметкерлері құжатқа жаңа өзгерістер енгізіп, судья қызметінің талаптарын жеңілдеткісі келеді.
Думан Мәуленов, Жамбыл облысы ауданаралық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотының төрағасы:
-Судьялар әлбетте кәсіби этикадан бөлек әдеби мінез құлық ережелерін сақтауы керек. Бізге қойылатын талап жоғары, сот жүйесіндегі талаптар ғана емес, сонымен қатар, қоғам тарапынан қойылатын талап басқаша және ол солай болуы керек. Тәртіптік және әдеп құқықтық нормаларды бұзу аражігін ажырату қиын болып жатады. Жаңа кодекстің шеңберінде осы жауапкершілік түрін де талқылайтын боламыз.