«Тәуелсіз қызметкер» мәртебесі енгізіледі
Енді онлайн платформаларда жұмыс істейтін азаматтар «Тәуелсіз қызметкер» атануы мүмкін. Олардың арасында такси жүргізушілері де бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі «Енгізілген жаңа ұғым кем дегенде жарты миллион қазақстандықтың еңбек құқықтарын қорғайды», — дейді. Бұл — Сенатта таныстырылған әлеуметтік кодекстің бір жаңалығы. Жобада бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімін 1 жарым жасқа дейін ұзарту да көзделген. Алқа немесе ордендері бар аналарға «Марапатталған ана» деген жаңа мәртебе де қарастырылып отыр.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Кодекс жобасында келесідей негізгі бағыттар көрсетілген: ұлттық демографиялық саясаттың факторы ретінде ана мен баланы қолдаудың басымдығы еңбек нарығын дамыту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің жаңа тәсілдері аз қамтылған отбасыларға материалдық әл ауқаттылығын арттыруға көмектесу. Отбасының цифрлық әлеуметтік картасы. Әлеуметтік қызметкердің кәсібилігі мен мәртебесін арттыру.