Хабар телеарнасы

Цифрлық технологиялар оқу үлгерімі төмен оқушылардың білімін жақсартуға көмектеседі

Цифрлық технологиялар оқу үлгерімі төмен оқушылардың білімін жақсартуға көмектеседі. Алматыда өткен семинарда білікті педагогтар оқыту жүйесіндегі әдістемелер жөнінде пікір алмасты. Ұстаздар Президент жолдауында айтылған «Цифрлық мұғалім» жобасын іске асырудағы тәжірибелерімен бөлісті. Мысалы, қаладағы мектептердің бірінде жасанды зердені қолдану нәтижесінде оқушылардың биология мен тарих пәндеріне қызығушылықтары артқан. Мұғалім сабақты түсіндіру кезінде қарапайым көрнекі құралдардың орнына үш өлшемді моделдеуді пайдаланған. Нәтижесінде балалар сабақты зейін қойып тыңдайтын болған.

Анар Белбеуова, №22 гимназия-мектебінің директоры:

-Біздің жас мамандар «Оқу-әдістемесінде жасанды зердені қолдану» курсына қатысып, білімдерін жетілдірді. Бұл дәрістің пайдасы көп. Соның арқасында сабақ сапалы өтіп, оқушылардың зейіні ашылады.