ЖСДП мүшелері сайлаушылармен кездесті
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан депутаттыққа үміткерлер елордалық сайлаушылармен кездесті. Олардың арасында бірқатар жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылары бар. «Дөңгелек үстел» форматында өткен жиында саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Жиылғандар өздерін толғандыратын мәселе бойынша сұрақтар қойып, еліміздің дамуы туралы ойларын ортаға салды. Айта кетейік, партия мүшелері үгіт-насихат жұмыстарымен еліміздің барлық өңірін қамтып, алдағы уақытта Көкшетау қаласына баруды жоспарлайды. Ал жалпы 500-ден астам іс-шара өткізу көзделген.
Асхат Рахымжанов, ЖСДП төрағасы:
-Кездесуге студенттермен қатар оқытушылар және қала тұрғындары келді. Ашық форматта пікірталас ұйымдастырдық. Барлық сауалдарға жауап беруге тырсып, тілектерін де тыңдадық. Әсіресе, білім беру саласын бойынша сұрақтар көп болды. Бар білгенімізбен бөлістік. Кездесу өз деңгейінде өтті деп ойлаймыз.