Respublica партиясының өкілдері Қонаев қаласына барды
Бірден шаһар орталығындағы аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткішіне барып, гүл шоғын қойды. Қала халқымен кездесіп, саяси науқанның маңызы мен міндетін, бағдарламаларын түсіндірді. Жиын барысында жұмыссыз жүрген жастар мен мүгедектерге қолдаудың ерекше екені айтылды. Бұдан соң кітапханалардың бірінде партия өкілдерін жастар қарсы алды. Онда партия жетекшілері белсенді жастармен диалог алаңын құрып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ал сапардың соңы жергілікті өнер адамдарымен болған кездесумен аяқталды.
Руслан Берденов, Respublica партиясының тең төрағасы:
-Үгіт-насихат науқаны жақсы жүріп жатыр. Осы жылы көріп жатырмыз жеті партия құрылды. Өзекті мәселелер көп. Қонаев қаласындамыз. Осы жастардың, белсенділердің, халықтың көптеген проблемаларын тыңдап жатырмыз.