«Ақ жол» партиясының сайлауалды үгіт насихат жұмысы Алматы облысында жалғасты
Кандидаттар Қонаев қаласының ел-жұртымен кездесті. Сондай-ақ өңірдегі ірі өндіріс орындарын аралап, жұмысшылармен емен-жарқын сөйлесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Экономикалық мәселелер қызу талқыланып, сайлауалды бағдарлама аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік сала бойынша сұрақтар, кәсіпкерлік жайы кеңінен айтылды. Жиын соңында партия төрағасы Азат Перуашев қызметкерлерге алғысын білдірді. «Халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету сауапті іс», — деді төраға. Кандидаттар қала ішін аралап, орталық базарға барды. Саудагерлермен тілдесіп, алдағы сайлау науқанының маңыздылығын түсіндірді.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
-Біз мына кешегі күні Алматыда істесек. Енді Алматы облысына шықтық. Қонаев қаласында болдық. Қонаев қаласында өндірушілермен кездестік. Қазір міне қаланың ортасында орналасқан бір базарға кіріп шығып қаланың көше бойындағы саудагерлермен сөйлестік. Жан айқайын көрдік, тыңдадық.