ЖСДП мүшелері жастармен кездесті
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан депутаттыққа үміткерлер елордалық сайлаушылармен кездесті. Студенттер мен жас мамандарға саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы жіті түсіндірілді. Жиылғандар білім беру және жұмыспен қамту мәселелері, сондай-ақ медицина саласы бойынша өз ойларын ортаға салды. Жалпы саяси бірлестік тарапынан еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін партия белсендерілері 60-қа жуық іс-шара өткізді. Оған мыңнан астам азамат қатысты.
Асхат Рахымжанов, ЖСДП төрағасы:
-Бүгінгі іс-шара жоғары деңгейде өтті деп ойлаймыз. Кездесуге келген жастар ашық түрде пікірлерімен бөлісті. Сұрақ-жауап алмастық. Олардың белсенділігі ерекше қуантты. Жалпы біз үгіт-насихат жұмыстарын еліміздің барлық өңірінде өткізіп жатырмыз. Аймақтық штаб өкілдері өз өңірлеріне қарасты елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесу ұйымдастыруда.