Сыр елінде ақжолдықтар бірнеше мекемені аралап, жұмысшылармен кездесті. Сайлауалды бағдарламаны жіті таныстырып, көпшілік қойған сұрақтарға жауап берді. Саяси науқанның маңызы түсіндірілді. Аймақтағы бизнестің даму қарқыны талқыланды. Сондай-ақ мамандармен жол құрылысындағы қордаланған мәселелер ортаға салынды. Екі жақты пікір алмасу ашық диалог форматында жүргізілді.
Рахымжан Тілеулиев, серіктестік директоры:-Біздің мекемеге де депутаттыққа үміткерлер келді. Соның ішінде біздің мекеме жұмысшыларымен әңгіме болды. Сұрақтарымызға жауап берді. Ашық диалог форматында өтті деп санаймыз.