Respublica партиясы Шымкентте үгіт-насихат жүргізіп жатыр
Партия жетекшілері мен өкілдері оңтүстік өңірде сапарын жалғастырып жатыр. Әуелі қаладағы бас штабқа аялдады. Үгіт-насихат науқанының алғашқы алты күніне сараптама жасап, алдағы жоспарларын нақтылап алды. Бұл жиынға студенттер де қатысты. Олар IT саласындағы жетістіктерімен бөлісіп, қаланы көркейту жолындағы бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Ал Шымкент қаласының жай-күйі келесі болған ауқымды іс-шарада айтылды. Басқосуда тұрғындар күнделікті жиі кездесетін мәселелерді көтерді. Ал партия өкілдері өз тәжірбиелерін ортаға салып, дұрыс шешімдерге жол сілтеді.
Руслан Берденов, Respublica партиясының тең төрағасы:
-Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Біздің партиямыз бүгінді таңда Алматы, Астана, Талдықорған, Сарыөзек, Қонаев, Тараз, Шымкент қалаларында болды. Алтыншы күннің қорытындысы ретінде 30 мыңнан астам адаммен жолықтық. 30 мың адамның 70% жастар.