«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «Ауыл әлемнің 100 тілінде» фестивалі өтті
Петропавл қаласында жергілікті этномәдени бірлестіктердің қатысуымен өтіп жатқан шарада елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан әр түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері төл өнерін көрсетіп, «Ауыл» сөзін тақтаға туған тілінде жазды. Ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған шараға «Ауыл» партиясы ұйытқы болды. Кандидаттар қала тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Саяси ұйымның Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары ауылдық жерлерде жалғасады.
Рысжан Нұрғалиева, «Ауыл» партиясының СҚО бойынша сайлауалды штабының басшысы:
- Тамашалағандарыңыздай, өлең де, ән де айтылды. Ең басты маңыздылығы біздің туған еліміз Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп жатқан халықтардың достығын көрсету мақсатында осындай іс-шара ұйымдастырылды. Алда келе жатқан алғыс айту мерекесі құтты болсын. Қазақстанымыздың гүлденіп, жайнауына сеніміміз мол.