ЖСДП мүшелері әлеуметтік желідегі үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Олар инстаграм және фэйсбуктегі ресми парақшаларында тікелей эфирге қосылды. Оқырман жолдаған әрбір сауалға жауап беріп, ұсынысын тыңдады. Саяси ұйым төрағасы Асхат Рахымжановтың айтуынша, штаб өкілдері өзекті деген сұрақтарды қағазға түртіп отырады. Жалпы партия атынан Мәжіліс депутаттығына 19 кандидат ұсынылып отыр.
Асхат Рахымжанов, ЖСДП төрағасы:
- Елімізде 19 млн-ға жуық халық болса, әрбірінің өз проблемасы бар. Әрқайсысы біздің парақшада өткізілетін эфирге кіріп, тікелей сауалын жолдауға мүмкіндік алады. Сондықтан қазір әлеуметтік желілерге аса мән беріп, онда белсенділік танытып жатырмыз. Кейде бір сұрақты үш адам жолдайтын кез болады. Бірден барлығына жауап беруге тырысамыз.