Хабар телеарнасы

Сайлау 2023: дауыс бересіз бе?

Кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына барлығы 12 мыңнан аса үміткер бақ сынайды. Олар ел арасында өздерінің сайлауалды бағдарламаларын қазір осылайша таныстырып жүр. Ал халықтың белсенділігі қандай?

1) Сайлауға барасыз ба? (БЛИЦ)
-Мен сайлауға барамын. Бірде-бір сайлаудан қалып көргенім жоқ. Билік жүйесінде саяси реформалар жүргізіп жатқанын сезініп жатырмыз. Халыққа жақын кандидатқа дауыс беремін деп ойланып жүрмін.

2) Міндетті түрде. Ешбір сайлаудан қалмағанмын.
Қазір сайлауға жастар түсіп жатыр. Жастарға жол берген дұрыс деп ойлаймын.
Бағдарламасы көңілден шығып жатыр. Сенейік деп ойлаймын. Сенім арта білген де дұрыс қой.

3) Әрине, 19 наурыз күні барып, бір кісідей дауыс береміз. Үміткерлерге береміз енді. Ауылдан шыққан екі үміткеріміз бар.
- Не күтесіз жалпы өзіңіз?
- Ауылға жастарды тартып, оларға жағдайларын жасауға ықпал беріп жатыр ғой. Сол жастарға көрсеткен ықпалдарына риза болып жатырмыз.