Сайлау 2023: ТМД елдерінен 200-ге жуық байқаушы жұмыс істейді
Бұл туралы ТМД бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимов мәлімдеді. Айтуынша, қазір тіркеуден өткен мүшелердің алды өз міндеттеріне кірісіп те кеткен. Олар сайлау комиссияларының жұмысымен танысып, саяси додаға түсетін партия өкілдері мен кандидаттармен кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Миссия басшысы орталық сайлау комисиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен жүздесіп, саяси науқанға дайындық барысын сұрап білді. Бүгінгі таңда сайлауға қатысуға 16 елдің халықаралық байқаушылары тіркеуден өткен.
Леонид Анфимов, ТМД бас хатшысының бірінші орынбасары:
- Қазір ұзақ мерзімді байқаушы ретінде 10-ға жуық адам жұмыс істей бастайды. Олар ТМД елдерінен тіркелген миссия штабының мүшелері мен дипломатиялық корпус өкілдері. Біздің негізгі міндетіміз – сайлаудың заңға сәйкес өтуін қадағалау.