«AMANAT» сайлауалды штабы Арқалық тұрғындарымен кездесті
Шараға 300-ден астам адам қатысты. Мұнан соң штаб мүшелері Арқалық жылу энергетикалық компаниясының еңбек ұжымымен кездесіп, коммуналдық желілердің жай-күйін талқылады. Сайлауалды үгіт аясында аманаттықтар шағын және орта бизнес өкілдерімен де жүздесіп, кәсіпті жүргізуге қатысты ережелер жайлы пікір алмасты. Сондай-ақ штаб мүшелері қаланы аралап, Арқалықтың қазіргі жайымен танысты.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
-Әрине әр өңірдің өзіне тән проблемалары бар, мәслелелері бар. Десе де, осы біріншіден моноқалалардың, осындай шағын қалалардың тағдырлары, мәселелері, проблемалары ол бір біріне ұқсайды. Арқалықтың өзінде 1990 жылдардың басында 70 мыңнан аса адам тұратын болса, қазіргі күнде 30 мыңға да жетпейді екен.