«AMANAT» партиясының мүшелері СҚО-ға барды
Партиялықтар Мағжан Жұмабаев ауданында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесті. Мұнан соң штаб мүшелері Сарытомар ауылында зиялы қауым өкілдерімен сайлауалды бағдарламасын талқылады. Сондай-ақ Петропавлдағы электро-техникалық зауытта қаланың бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесу өтті.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
- Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мен ауыл тұрмысын жақсарту мәселесін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Әрбір өңірге жасаған сапарымызда біз дихандармен кездесеміз. Сіздер ауылда жұмыс орындарын ашып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырсыздар.