Қазақстан — ЕуроОдақтың Орталық Азиядағы басты серіктесі
Брюссельде дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада Еуропа сыртқы байланыстар қызметінің басқарушы директоры Михаэль Зиберт осылай деп мәлімдеді. Осы уақыт аралығында Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы тауар айналымы 30 есе өсіп, шамамен 40 млрд АҚШ доллары болды. Инвестициялар көлемі де 30% өсті. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық табысты дамып келеді. Шара барысында қазақстандық дизайнерлер мен қолөнершілер отандық бұйымдарды көрсетті. Ұлттық тағамдар да ұсынылды.