ЖСДП мүшелері волонтерлармен көпқабатты үйлердегі хаттама жәшігіне плакаттарын орналастырды
Тұрғындар көп шоғырланған жерлерге парақшаларын таратып, жолаушыларға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Республикалық штаб басшысының айтуынша, үгіт жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр.
Айдын Сәрсембаев, ЖСДП:
-Біз Астанада тұрғындарға сайлауалды бағдарламамызды түсіндірдік және де қоғамдық көліктерде таратып шықтық біздің үгіт-насихат материалдарымызды. Волонтерлеріміз көп, мыңнан асады. Олар бізге көмектесіп жатыр.