Хабар телеарнасы

ЖСДП республикалық штабындағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр

Саяси ұйым мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бүгінге дейін түрлі саладағы еңбек ұжымымен қатар аймақтардағы сайлаушылармен 300-ден астам кездесу ұйымдастырды. Бұдан бөлек, депутаттыққа үміткерлер әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында белсенділік танытып жүр. Тікелей эфирге қосылып, сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, тұрғындардың жолдаған сауалдарына жауап береді. Бұл ретте саяси бірлестікке көмек көрсетіп жүрген мыңнан астам волонтерді атап өткен жөн. Олар штаб өкілдерімен бірлесе, халықтың көптеп шоғырланатын орындарында үгіт парақшаларын таратып, плакаттар іледі. Партия атынан Мәжіліске 19 кандидат ұсынылып отыр.