ЖСДП штабы еңбек ұжымымен кездесті
Екібастұздағы «Бірінші мемлекеттік аймақтық электр станциясының» еңбек ұжымымен кездесті. Саяси ұйым мүшелері сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партияның негізгі ұстанымын түсіндірді. Жиында мекеме еңбеккерлері өздерін алаңдатқан мәселелерді талқыға салды. Бірлестік мүшелері әрбір сұраққа жауап берді. Жалпы Павлодар облыстық штабының белсенділері бүгінге дейін 30-ға жуық үгіт жұмысын жүргізді.
Ажар Сағандықова, Павлодар облыстық штабының басшысы:
-Облысқа қарасты бірнеше қала мен аудан бар. Біз олардың барлығын қамтуға тырысып жатырмыз. Кенжекөл, Ленинский секілді елді мекендердегі халықпен кездесу ұйымдастырдық. Бүгінгі күні Екібастұз қаласындағы бірқатар мекеменің еңбек ұжымымен кездесулер ұйымдастырудамыз. Мұнда Баянауыл мен Железинский аудандарына ат басын бұруды жоспарлап отырмыз.