16 наурыз «Хабар» арнасында сайлауалды дебат өтеді
Орталық сайлау комиссиясында Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың телевизиялық пікірталасқа қатысушыларының тізімі жарияланды. Комиссия мүшелері дебатты өткізу туралы қаулы жобасын бірауыздан қабылдады. Партия өкілдерінің пікірсайысқа қатысу кезектілігі іс-шара басталар алдында студияда арнайы жеребемен айқындалады. Көрермендер үміткерлерге тікелей сұрақ қоюға мүмкіндік алады.
Анастасия Щегорцова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Қазіргі таңда «Хабар» телеарнасы саяси партиялардың сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу регламентін әзірленді. Регламентте қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар, сөз сөйлеу кезегі, өткізу тілі және ұзақтығы белгіленеді. Регламенттің жобасы сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына, сондай-ақ сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес келеді.