«Ауыл» партиясы шалғай орналасқан елді мекендерін аралап жүр
Бұл жолы кандидаттар көрші елмен шекаралас шеткі аудандарға басымдық беріп отыр. Алатау бөктерінде Тұйық, Ақтөбеде Ойыл мен Оймауыт, Шығыс Қазақстан облысында Аршаты және Батыс Қазақстан облысында Сайқын мен Жәнібек ауылдары қамтылды. Батыс Қазақстан өңірінде саяси ұйым өкілдері жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, саяси науқан туралы әңгімелесті. «Су, жол және интернет бойынша түйткілдер кезең-кезеңімен реттеліп жатыр», – дейді тұрғындар. Жалпы саяси науқан басталғалы «ауылдықтар» өңірде 50-ге жуық елді мекенге барып, сайлауалды үгіт-насихат жүргізді. Негізгі жұмыс тобы Ақтөбе аймағына бағыт алады. Онан соң, партия мүшелері Қызылорда, Түркістан, Павлодар облыстары мен Алматы, Шымкент және Жаркент қалаларына барады.