«AMANAT» партиясы Алматы облысының тұрғындарымен кездесті
Сайлаушылар Қонаев қаласындағы мәдениет үйіне жиналып, өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтерді. Штаб мүшелері халыққа сайлауалды бағдарламасын баяндап, жұртшылықтың сұрақтарына жауап берді. Өңір халқымен кездесуде түрлі саладағы мәселелер де әңгімеге арқау болды.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
- Президенттің осы өзгерістерді бастағанына тура бір жыл болды. Былтыр наурыз айындағы жолдауында басталды. Осы бір жылдың ішінде біз оң нәтижелерін көріп отырмыз деп айта аламын. Алда болатын Мәжіліс сайлауы, мәслихат сайлауы сол саяси реформалардың бүкіл билік институттарының жаңаруының түйіні болмақ.