Сайлау 2023: сауалнама жүргізу үшін рұқсат керек
Кімге дауыс бердіңіз? Сайлау туралы заң бойынша бұл сұрақты тек мамандандырылған ұйым өкілдері ғана қойып, оның жауабын жариялай алады. Ал блогерлер мен жеке тұлғалар тиісті сауалнама жүргізіп, нәтижесімен бөліссе, онда олар жауапкершілікке тартылады. Заңды бұзғандарға 30 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл салынады. Заңгерлер осылай дейді.
Думан Жампейісов, «Адал сайлау үшін» республикалық қоғамдық штабының мүшесі, заңгер:
- Заңды тұлға өткізу керек. Оны жеке тұлға өткізе алмайды сауалнаманы. Екіншіден, ол кез келген заңды тұлға емес. Оның бес жылдық тәжірибесі болу керек осы салада. Яғни сауалнаманы 1-2 жыл тәжірбесі бар заңды тұлға өткізе алмайды. Одан кейін осы заңды тұлғаның тәжірибесі бар тиісті қызметкерлері болу керек.