Үгіт-насихат жұмысымен «Ақ жол» партиясының өкілдері Ақтауға барды
Сапарды кандидаттар Жалау Мыңбаев монументіне гүл қоюдан бастады. Ол — «Алаш» саяси қозғалысының қатысушысы болған әрі ел үшін маңызды шешімдер қабылдауға қатысқан тұлға. Мұнан соң, ақжолдықтар мұнай-газ саласына арналған жабдық шығаратын ірі зауыттардың біріне барды. Кәсіпорынның өндірісімен танысып, еңбек ұжымымен кездесті. Республикалық штаб мүшелері сайлауалды бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
- Алдымен маңғыстаулықтарды осы Амал мейрамымен құттықтаймын. Өзіміздің дәстүрлі партиямыздың қолдаушылары электораты отандық өндірушілер. Қамқор машзавод заводына келіп, керемет әсер алып отырмын. Мұндай ұлттық компаниялар көп болсын деп айтқым келеді.