«Ақ жол» партиясы үгіт-насихат жұмысымен Маңғыстау өңірін аралады
Аймақта Амал мерекесін аталып өтуде. Көрісу күнінде кандидаттар халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бірнеше еңбек ұжымына барып, алдағы сайлаудың мән-маңызын түсіндірді. Мұнан соң спорт мектебінде жаттықтырушылармен кездесті. Спортқа қызығушылығы бар балаларды баулып жүрген ұстаздарға партия төрағасы Азат Перуашев алғыс айтты.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
- «Ақ жол» партиясының сайлауалды штабының мүшелері міне киелі Маңғыстау жеріне келіп, Амал күнін Жаңаөзендегі халық арасында қарсы алуды жөн болады деп шештік. Бірнеше кәсіпорынды аралап шығып еңбек ұжымдарымен кездесіп, көрісу күнімен құттықтап, бір-бірімізді құттықтап, бір-бірімізге жақсы тілек айтып.