Президент Амал мерекесімен құттықтады
Бүгін - Амал мерекесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын осы бір мерейлі мерекемен құттықтады. «Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!» – деп жазды Президент өзінің Twitter парақшасында.