Хабар телеарнасы

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында шетелде жүрген қазақстандықтар да дауыс бере алады

19 наурызда 62 елде 77 учаске жұмыс істейді. Онда шетелде тұратын, қызмет бабымен немесе білім алып жүрген отандастастарымыз, сондай-ақ іскерлік және туристік мақсатпен барғандар да таңдау жасай алады. Дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін жүреді. Бұл учаскелер Астананың Есіл ауданына қарасты болғандықтан, шет елдерде жүрген отандастарымыз партияларға ғана дауыс бере алады. Сайлау күні Ресейдегі қазақстандықтар 5 қалада дауыс береді. Учаскелік сайлау комиссиялары Омбы, Астрахан, Қазан және Санкт-Петербургтегі еліміздің Бас консулдықтарында, ал Мәскеуде елшілікте жұмыс істейді. 

Руслан Шаймағанбетов, сайлау учаскесінің хатшысы:
-ҚР азаматтары таңғы 7-ден кешкі 20-ға дейін дауыс бере алады. Қазіргі уақытта Мәскеу қаласы бойынша консулдық есепте 1500 адам тіркелген. Ресей аумағында болатын Қазақстан азаматтары да елшіліктің немесе консулдықтың сайтында тіркеле алады.