Хабар телеарнасы

Үкіметте ескі мұнай кен орындарын игеру мәселелері талқыланды

Ішкі нарықты жанар-жағар маймен тұрақты қамтамасыз ету керек. Ұзақ уақыт игеріліп келген мұнай кен орындарын одан әрі пайдалану да маңызды. Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Энергетикалық кеңес отырысында осы мәселелер талқыланды. Жиында инвестицияларды ұлғайту, сарқылған кен орындарында тұрақты жұмысты сақтап қалу мәселесі айтылды. Өндіріс көлемін арттыру мен салық саясаты да қозғалды. Әлихан Смайылов бюджет пен Ұлттық қорды толықтыру маңызды екенін атап өтті. «Жұмыс орындарын сақтап қалу үшін кен орындарына қолдау көрсету керек», - деді Үкімет басшысы.