Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы өз таңдауын жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, сайлауға барды. Президент Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесінде көпшілікпен бірге Мәжіліс және жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді.